Менің сүйікті ертегім
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында 13 қаңтар күні кітапханада «Менің сүйікті ертегім» тақырыбында бастауыш сынып жетекшісі Сейдуалы Маржан Әлібекқызы 1 «Ә» сынып оқушыларымен үзіліс кезінде бір мезетте ертегілер оқу ұйымдастырды. Мақсаты: : Оқушыларды ертегідегі жануарды бейнелей білуге үйрете отырып шығармашылық қабілеттерін, ой өрісін дамыту. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.