Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Тәрбие жұмысы бойынша марапаттар
23
қазан
2025
Тәрбие жұмысы бойынша марапаттар
«Менің Отаным – Қазақстан» атты қалалық ән байқауына әділ қазы ретінде қатысқан Баймахан Шұға Сапарбекқызы өзіне жүктелген міндетті жоғары деңгейде атқарды. Байқау барысында кәсіби шеберлігі мен әділ бағалауы үшін қалалық білім басқармасы тарапынан Алғыс хатпен марапатталды. Бұл марапат – оның өнерді қолдауға, жас дарындарды ынталандыруға қосқан үлесінің белгісі болып табылады.
Мектеп жетістіктері
18
қазан
2025
Мектеп жетістіктері
Республика күніне орай өткізілген «Менің Отаным – Қазақстан» атты ән байқауының аудандық кезеңінде №205 мектептің оқушысы Дауренова Мөлдір жоғары өнер көрсетіп, ІІ орынға ие болды. Оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған табысты жұмысы үшін жетекшісі Баймахан Шұға Сапарбекқызының еңбегі ерекше атап өтіледі.
205 мектеп жетістіктері
11
қыркүйек
2025
205 мектеп жетістіктері
«Арман қала – Алматы» атты ән байқауының аудандық кезеңінде №205 мектептің оқушысы Абдуала Асылым өнер көрсетіп, ІІІ орынға ие болды. Оқушының шығармашылық жетістігіне бағыт-бағдар беріп, дайындық жұмыстарына жетекшілік еткен ұстазы Баймахан Шұға Сапарбекқызына алғыс білдіріледі.
«Үздік сынып жетекшісі – 2024» мектепішілік байқауы
23
қыркүйек
2024
«Үздік сынып жетекшісі – 2024» мектепішілік байқауы
Мектепте 21.09.2024 ж күні  «Үздік сынып жетекшісі – 2024» мектепішілік сынып жетекшілер байқауы өтті. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өткізіліп, тәрбие жұмысының тиімді әдістері мен инновациялық тәсілдерін анықтауға және қолдауға бағытталған._ Мақсаты – педагогикалық шеберлікті жетілдіру және сынып жетекшілерінің шығармашылық әлеуетін іске асыру, сондай-ақ олардың әлеуметтік мәртебесін арттыру. Бұл байқау сынып жетекшілерді кәсіби тұрғыдан жетілдіру мен қызметінің беделін арттыру, озық
Мектебімізде 29.03.2024ж “Өз жұлдызыңды жақ” мектепішілік жас мамандар байқауы өтті.
29
наурыз
2024
Мектебімізде 29.03.2024ж “Өз жұлдызыңды жақ” мектепішілік жас
Мектебімізде 29.03.2024ж “Өз жұлдызыңды жақ” мектепішілік жас мамандар байқауы өтті.  Байқаудың мақсаты:  жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін арттыру және шығармашылық әлеуетін жандандыру, одан әрі кәсіби өсуіне жағдай жасау. Міндеттері: 1. Жас педагогтердің педагогикалық еңбек беделін және әлеуметтік мәртебесін арттыру. 2. Жас педагогтердің инновациялық идеялар мен қызмет түрлерін іздеуге уәждемесін дамыту. 3. ⁠Дарынды жас педагогтерді анықтау және олардың шығармашылық әлеуетін жандандыру.
"Адал ұстаз" байқауы
20
қараша
2023
"Адал ұстаз" байқауы
Ұстаз болу – ұлағатты жолға қадам басу. Алдындағы шәкіртке білім беріп қана қоймай, бар білгенін бойына сіңіріп, болашаққа бағыт-бағдар сілтейтін бұл жолдағы жандар ғажап-ақ. Сондай ұстаздардың бірі де бірегейі, мектебіміздің мақтанышы  Айтуар Алуа Зұлхарнайқызы  деп білеміз. Күні кеше ғана, Алматы қаласы  Алатау  ауданының  №205 жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің арасында"Адал ұстаз" атты байқауына қатысып, ерекше білгірлігімен көзге түскен ұстазымыз айтуар Алуа Зұлхарнайқызы жүлделі І
Мәшһүр Жүсіп оқулары  аудандық 1 орын
16
қараша
2023
Мәшһүр Жүсіп оқулары аудандық 1 орын
16 қараша «Мәшһүр Жүсіп оқулары» аудандық байқауы өтті. №205 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Алдабергенқызы Нұрай «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» бағыты бойынша қатысып, жүлделі 1-орынға ие болды. Жетекшісі: Жылқайдар Гүлжанат. 10-сынып оқушысы Серикболова Эльвира «Білімді зерек адам болам!» десең, қара өзіңді басқаның айнасымен» бағыты бойынша қатысып, ерекше дарыны үшін марапатталды. Жетекшісі: Исламбекова Ақтоты. Жүлдегерлерімізді
Ұстаздар жетістігі
09
қазан
2023
Ұстаздар жетістігі
Құрметті 205 ЖББМ ұлағатты ұстаздары, баршаңызды 8 "Б"  сынып оқушылары атынан шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық жетістіктер мен толағай табыс тілейміз! Еңбектеріңізді әрқашан бағалайтын аяулы ұстаздарымыздың есімдері, әрқашан біздің жүрегімізде! Сіздерге мың АЛҒЫС  @akmurzaevakarlygash @alatau_bilim_bolimi @edu.almaty  
ІІІ - орын “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “Кітап оқиық” тақырыбында өткен байқауда
22
мамыр
2023
ІІІ - орын “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “Кітап оқиық”
Алатау ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “Кітап оқиық” тақырыбында өткен байқауда Мектебіміздің 7 “Ғ” сынып оқушысы Тілеулес Нұрсәт жүлделі ІІІ - орын иеленді. Жетекшісі : Қожахметова Аяулым Серікқызы