Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Мектептік іс-шаралар
Ардагерлердің өмір жолы – жас ұрпаққа тағылым»
21
қазан
2025
Ардагерлердің өмір жолы – жас ұрпаққа тағылым»
🎖️ «Ардагерлердің өмір жолы – жас ұрпаққа тағылым» Бүгін мектебімізде елге еңбегі сіңген ардагерлермен әсерлі кездесу өтті. Ардагерлер өздерінің өмір жолы мен елге жасаған қызметтері туралы әңгімелеп, жас ұрпаққа өнегелі кеңестерін айтты. 🕊️ Мұндай кездесулер оқушылардың бойында отансүйгіштік, еңбекқорлық және үлкенге құрмет сезімдерін қалыптастырады. #АрдагерлерТағылымы #АдалАзамат #ТәрбиеСағаты #ПатриоттықТәрбие #ОШ205
“Адал азамат" “Біртұтас тәрбие бағдарламасы”  аясында сынып сағатының тақырыбы "Отанды сүю- отбасынан басталады "
13
қазан
2025
“Адал азамат" “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында сынып сағатының
Отбасы — сыйластық , жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын ,
"Бастауыш сынып оқушыларының Таңғы жаттығуы"
08
қазан
2025
"Бастауыш сынып оқушыларының Таңғы жаттығуы"
Бастауыш сынып оқушылары сабақ басталар алдында күн сайын қысқаша сергіту және дене жаттығуларын орындайды. Жаттығулардың мақсаты – оқушылардың бойын сергіту, қан айналымын жақсарту, сабаққа деген қызығушылықтары мен белсенділіктерін арттыру. Жаттығулар түріне жалпы дамыту қимылдары, тыныс алу жаттығулары, көзге арналған жаттығулар және көңіл күйді көтеретін қимылды ойындар кіреді.Оқушылар бұл жаттығуларды дене шынықтыру ұстаздарының басшылығымен сынып бөлмесінде немесе таза ауада орындайды.
Қазіргі заман – цифрлы сауаттылық заманы!
06
қазан
2025
Қазіргі заман – цифрлы сауаттылық заманы!
*Қазіргі заман – цифрлы сауаттылық заманы!*   Сабақта жасанды интеллект пен түрлі цифрлық қосымшаларды қолдану – білім сапасын арттырудың тиімді жолы.   Интерактивті әдістер мен заманауи технологиялар оқушылардың қызығушылығын оятып, белсенді қатысуына жағдай жасайды.   Біздің мақсат – цифрлы құралдарды дұрыс пайдалана отырып, оқу үдерісін оңтайландыру және оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту.
“Абайлаңыз балақай” акциясы аясында бастауыш сынып оқушыларына жолда жүру ережесі туралы түсіндірме жұмыстары
06
қазан
2025
“Абайлаңыз балақай” акциясы аясында бастауыш сынып оқушыларына жолда
“Абайлаңыз балақай” акциясы аясында бастауыш сынып оқушыларына жол ережесі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға жол белгілері, жаяу жүргіншілер өткелі, бағдаршамның түстері мен маңызы туралы толық мағлұмат берілді. Сонымен қатар, күнделікті мектепке келу және қайту кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелері айтылып, түрлі жағдаяттар бойынша мысалдар келтірілді. Оқушылар белсенді қатысып, өздерінің көше қиылысында немесе жол бойында кездесетін жағдайлармен бөлісті. Тақырыпты
"Таза Қазақстан" экологиялық фистивалінің аясында 205 ЖББМ бастауыш сынып ата-аналарының сенбілік жұмыстары.
06
қазан
2025
"Таза Қазақстан" экологиялық фистивалінің аясында 205 ЖББМ бастауыш
"Таза Қазақстан" экологиялық фистивалінің аясында мектебімізде сенбілік жұмыстары жүргізілді. Бастауыш сынып ата- аналары да сенбілікке өз үлестерін қосты. Сенбілік барысында бастауыш сынып ата-аналары сынып жетекшілерімен бірге белгіленген аумақтарда жұмыс істеп, көмектерін тигізді. Әр сынып өзіне бекітілген аймақты тазалап, ретке келтірді. Сондай-ақ сенбілік - мектептің эстетикалық келбетіне оң әсер етіп қана қоймай, оқушылар арасында тазалық сақтау дағдысын қалыптастыруға көмектесті.
«Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы сайлауы өтті
01
қазан
2025
«Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы сайлауы өтті
«Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы сайлауы туралы 01 қазан 2025 жылы №205 жалпы білім беретін мектептің акт залында «Жас Ұлан» жастар ұйымының Ұланбасы сайлауы өтті. Бұл шараға 9-сынып оқушыларынан жалпы 9 үміткер қатысты. Сайлауда дауыс беруге бұрынғы «Жас Ұлан» ұйымының ұланбасшысы, ұйым мүшелері және 10-сынып оқушылары қатысты. Дауыстарды санау нәтижесінде ең көп дауыс жинаған 9 «Б» сынып оқушысы – Мамуржан Мадина «Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы болып сайланды. Қалған үміткерлер ұйымның 7 бағытына
Мектеп парламентінің Президентін сайлауы өтті
30
қыркүйек
2025
Мектеп парламентінің Президентін сайлауы өтті
🏫 Мектеп парламенті Президентін сайлау туралы 30 қыркүйек 2025 жылы №205 жалпы білім беретін мектептің акт залында мектеп парламенті Президентін сайлау өтті. Бұл маңызды шараға 10-сынып оқушыларынан 11 үміткер қатысып, өздерінің сайлауалды бағдарламаларын ұсынып, мектептің дамуы мен оқушылардың белсенділігін арттыруға бағытталған бастамаларымен бөлісті. Сайлау барысында үміткерлердің бағдарламаларын мектептің бұрынғы парламент мүшелері, Президенті және 11-сынып оқушылары тыңдап, өз таңдауларын
Ата - аналар жиналысы
17
қыркүйек
2025
Ата - аналар жиналысы
📌 Ата-аналар жиналысы Бүгін мектебімізде оқушылардың денсаулығын қорғау мақсатында адам папиллома вирусына (ВПЧ) қарсы вакцинация туралы ата-аналарға ақпараттық жиналыс өткізілді. Жиналыста: ✔️ Вакцинацияның маңызы мен пайдасы түсіндірілді; ✔️ Дәрігер мамандар ата-аналардың сұрақтарына жауап берді; ✔️ Балалардың денсаулығын сақтауда ата-ана мен мектептің бірлескен жұмысы талқыланды. 👩‍👩‍👦 Балаларымыздың денсаулығы – болашағымыздың кепілі!
«Дені сау ұрпақ»
11
қыркүйек
2025
«Дені сау ұрпақ»
📌 Бүгін мектебімізде «Дені сау ұрпақ» тақырыбында ата-аналарға арналған ақпараттық кездесу өтті. Кездесу барысында балаларды ерте жастан дамыту жолдары мен денсаулықты сақтау шаралары талқыланды. Мамандар ата-аналарға пайдалы кеңестер беріп, салауатты өмір салтының бала болашағы үшін маңызына тоқталды. 👨‍👩‍👧‍👦 Шара ата-аналарға бағыт-бағдар беріп, баланың жан-жақты дамуына ықпал етті. #ДеніСауҰрпақ #АтаАнаменКездесу #СалауаттыӨмір #МектепІсШарасы
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 25 Вперед