Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
маусым
2026

"Кемпірқосақ" тобы


 


 

 

 

04.06.2026 ж.

🌈 «Кемпірқосақ» тобы

Бүгін «Кемпірқосақ» тобының балалары күнді таңғы жаттығумен бастап, сергектік пен көтеріңкі көңіл күйге ие болды. Балалар бірлесе отырып түрлі қызықты ойындар ойнады. Атап айтқанда, «Мен кіммін?», «Мафия», «Адасқан әріптер» ойындары арқылы тапқырлықтарын, ойлау қабілеттерін және ұйымшылдықтарын көрсетті.

Сонымен қатар, балалар уақытылы тамақтанып, спорттық жаттығулармен айналысты. Түрлі топтық жұмыстар орындап, бір-бірімен жақынырақ танысып, достық қарым-қатынастарын нығайтты. Күн өте көңілді әрі қызықты өтті.

Топ жетекшісі: Токназарова Меруерт Копболсынқызы