Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тәжірибелі ұстаз – табысты шәкірт»
08
мамыр
2026

«Тәжірибелі ұстаз – табысты шәкірт»

«Тәжірибелі ұстаз – табысты шәкірт» тақырыбында бастауыш сынып бірлестігі ұстаздары арасында сайыс өткізілді.

Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. І кезеңде қатысушылар өздерін таныстырып, мамандыққа деген көзқарастары мен тәжірибелерімен бөлісті. ІІ кезеңде ұстаздар педагогикалық идеяларын ұсынып, сабақ барысында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерін көрсетті. ІІІ кезеңде ситуациялық сұрақтарға жауап беріп, түрлі педагогикалық жағдайлардан шығу жолдарын ортаға салды.

Іс-шара барысында мұғалімдер белсенділік танытып, өз тәжірибелерімен алмасып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша мектепішілік кезеңге Айсаутова Сағыныш пен Сағатжан Аяулым жолдама алды. Сайыс тартымды әрі мазмұнды өтті.