---
«Кемел шығармашыл тобы» «Ерекше бала – ерекше көзқарас» тақырыбында
№205 жалпы білім беретін мектепте «Кемел шығармашыл тобының» ұйымдастыруымен «Ерекше бала – ерекше көзқарас» тақырыбында семинар-коучинг өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – ерекше білімді қажет ететін оқушылармен жұмыс жүргізуде мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, инклюзивті білім беру аясында тиімді әдіс-тәсілдерді меңгерту және педагогтер арасында тәжірибе алмасу болды. Семинар-коучингті мектеп психологы, мектеп логопед-дефектологы және бастауыш сынып мұғалімдері бірлесе