Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 04.06.2026
4 маусым-Рәміздер күні
04
маусым
2026
4 маусым-Рәміздер күні
🇰🇿🎨 №205 ЖББМ жанындағы «Томирис» лагерінің «Жұлдыз» тобында «Елтаңба, Ту, Әнұран – ел бірлігінің белгісі» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты – оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Қатысушылар өз жұмыстарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің маңызын көркем бейнелеп, ерекше шығармашылық танытты. Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар анықталып,
"Кемпірқосақ" тобы
04
маусым
2026
"Кемпірқосақ" тобы
        04.06.2026 ж. 🌈 «Кемпірқосақ» тобы Бүгін «Кемпірқосақ» тобының балалары күнді таңғы жаттығумен бастап, сергектік пен көтеріңкі көңіл күйге ие болды. Балалар бірлесе отырып түрлі қызықты ойындар ойнады. Атап айтқанда, «Мен кіммін?», «Мафия», «Адасқан әріптер» ойындары арқылы тапқырлықтарын, ойлау қабілеттерін және ұйымшылдықтарын көрсетті. Сонымен қатар, балалар уақытылы тамақтанып, спорттық жаттығулармен айналысты. Түрлі топтық жұмыстар орындап, бір-бірімен жақынырақ танысып, достық
"Жұлдыз" тобының 4-ші күні
04
маусым
2026
"Жұлдыз" тобының 4-ші күні
      ⭐ «Жұлдыз» тобының бүгінгі күні қызықты әрі көңілді өтті! Балалар күнді сергітетін жаттығумен бастады. Кейін түрлі-түсті қағаздан әдемі қолшатырлар жасап, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. ☂️🎨 Лагерь меңгерушісімен «Сиқырлы қорап» ойынын ойнап, қызықты тапсырмалар орындады. ✨ Түскі ас ішіп, көңілді ойындарға қатысты. Балалар «Молекула» ойынын ойнап, екі топқа бөлініп, допты түсірмей ыдысқа салу сайысында белсенділік танытты. ⚽🏆 Күн көтеріңкі көңіл күймен және жарқын әсерлермен өтті! ⭐💙