20
мамыр
2024
«Оқулығыңның жайы қалай?»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №91 бұйрығында көрсетілгендей Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес №205 жалпы білім беру мектебінің 1-11 сынып оқушылары оқулықпен 100 пайыз қамтылды.
2023-2024 оқу жылының аяқталуына байланысты 14-17 мамыр күндер аралығында «Оқулығыңның жайы қалай?» тақырыпта рейд жүргізіліп, оқушылардың қолындағы оқулықтардың сапасы тексерілді.
Мақсаты: Оқушылардың өздеріне берген оқулықтарға деген жауапкершілігі мен оқулықтардың жай күйін білу.
