🇰🇿✨ «Менің арманымдағы Қазақстан» атты сурет көрме-байқауы 🎨🖌️
🇰🇿✨ «Менің арманымдағы Қазақстан» атты сурет көрме-байқауы 🎨🖌️
🏫 25 қазан – Республика күніне орай №205 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып оқушылары арасында «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. 🇰🇿💙
🎯 Көрменің мақсаты – оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, туған жерге деген құрметін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қиялын дамыту, сондай-ақ жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді нығайту.
🖼️🌟 Оқушылар өз суреттері арқылы армандаған Қазақстанын, еліміздің жарқын болашағын, туған жерінің әсемдігін және тәуелсіз елге деген ыстық ықыласын бейнеледі. Әрбір сурет – баланың жүрегіндегі асқақ арман мен ел болашағына деген сенімнің көрінісі. ❤️🇰🇿
🌱 Осындай шығармашылық жұмыстар арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеп, елін сүйетін, білімді де саналы ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосамыз. 👧🏻👦🏻📚
💙💛 Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміздің болашағы жарқын болсын!
#🇰🇿РеспубликаКүні #🎨МеніңАрманымдағыҚазақстан #🖼️СуретКөрмесі #📚БастауышСыныптар #🏫205Мектеп #💙ОтанғаДегенСүйіспеншілік




