12
маусым
2026
"Томирис" лагерінің жабылу рәсімі
12.06.2026 күні №205 мектеп жанындағы «Томирис» жазғы лагерінің жабылу рәсімі өткізілді. Мерекелік іс-шара барысында оқушылар ән шырқап, би билеп, лагерьде үйренген өнерлерін ортаға салды.
Лагерь ауысымы кезінде белсенділік танытқан оқушылар түрлі номинациялар бойынша марапатталып, грамоталар табысталды. Марапаттау рәсімі балаларға ерекше қуаныш сыйлап, олардың жетістіктерін бағалауға мүмкіндік берді.
Іс-шара көңілді әрі әсерлі өтіп, лагерь маусымы жақсы көңіл-күймен қорытындыланды.
#лагерьтомирис


