Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
маусым
2024

“Ашық есік” күні

Алматы қаласы Алатау ауданы “№205 жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  “Томирис” мектеп жанындағы лагерінде “Ашық есік” күні ұйымдастырылды. Ата-аналар бір күндерін балаларымен лагерьде өткізіп, бүгінгі лагерь жоспары бойынша барлық өткізілген іс-шараға қатысты. “Мектеп-оқушы-ұстаз” үштік одақтың ауызбіршілікте өткізген бір күннің нәтижесінде ең белсенді ата-аналар да, оқушы да марапатталды. Ата-аналарымызбен өткізген бір күніміз өте қызықты әрі маңызды өтті. Күн соңында оқушыларымызға “Томирис” ықшам ауданының кәсіпкерлерінің қолдауымен балмұздақтар таратылды. Қолдау көрсеткен Жапабаева Гульнара Дуйсенбековнаға, Нургожаева Карлыгаш Имбергеновнаға, Атагозинова Айнур Серикболовнаға алғыс білдіреміз.