Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жүлделі орын. «Мектеп парламенті» көшбасшылары арасында қалалық слет 2022 жыл
11
қараша
2022

Жүлделі орын. «Мектеп парламенті» көшбасшылары арасында қалалық слет 2022 жыл

Алматы қаласы «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласы білім беру мекемелерінің «Мектеп парламенті» көшбасшылары арасында қалалық слет 2022 жылдың 11 қарашасы Оқушылар сарайында өткізілді. 

Слеттің жұмысы пленаралық отырыс және тақырыптық алаңдар нысанында төмендегі тақырыптар бойынша ұйымдастырылды.
5.    «Мектеп оқушыларының өзін-өзі басқаруы-білім алушылардың демократиялық қалыптастыру құралы»6.    «Оқушылардың өзін-өзі басқару нысаны.Өзін-өзі басқаруды дамытуға ықпал ететін шарттар»7.    «Балалар қозғалысы мен балалар бірлестіктері – жеке тұлғаны дамыту және әлеуметтендіру факторы»8.    «Балалар ұйымдары мен мектеп оқушыларының өзін-өзі басқаруы:даму перспективалары»
Қалалық слетке Алатау ауданы бойынша аудандық кезеңнен 20 оқушы іріктеліп, қалалық кезең бойынша №178 ММ-1 орын, №205-ЖББМ-2 орынды 10 "А" сынып оқушысы Бейбітқызы Жанел иеленді жетекшісі директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Ж.Т. Жетенова. 
 №179 ЖББМ-3 орын, №204 ЖББМ-3 орын , №196 ЖББМ-3 орынмен марапатталды. Жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жeтілдіруге деген құштарлық, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу "Өзін-өзі" басқару жұмыстары жандандыру мақсатында  №205 ЖББМ директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Ж.Т. Жетенова ұйымдастыруымен  қалалық слет қатысушыларына "Өзін -өзі басқару болашағы және дамуы" атты тақырыпта шеберлік сынып сабағын өткізді.
Оқушыларды дайындап қалалық кезеңде мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын көрсете білген мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, таланатты, дарынды оқушыларымызға Алатау ауданы білім бөлмінің атынан алғыс айтамыз!