22
қараша
2022
«Кітаппен дос болайық!»


№205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында «Оқитын ұлт – оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жас оқырмандарға балалар әдебиеттерін насихаттаудың түрлі жолдарын ұсынудамыз. Балалар жылына орай ұлттық құндылықтарды жаңғырту, дәріптеу, ел руханиятын көтерген тұлғалардың тағылымды шығармашылығымен таныстырдық. Абай атамыз «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып білуге» демекші балаларға арналған әдебиеттерді насихаттау мақсатында «Кітаппен дос болайық!» тақырыбында LED экраннан вертуалды кітап көрмесі, білімнің бастауы - кітап екенін бейнелейтін видеолар, танымдық сабақтар көрсеттік.Сонымен бірге «Кітаппен дос болайық!» тақырыбына 7,8,9 сынып оқушылар арасында қысқа уақытты қызықты видеолар, Tik-Tok түсіріп, өздерінің оқуға құштарлықтарын көрсете білді.