14
желтоқсан
2022
Жайдарман – 2022 сайысы
13.12.2022ж күні мектебімізде «16 желтоқсан – ҚР-ның Тәуелсіздігі» мерекесіне орай, көңілді жайдарман ойындары ұйымдастырылып, жоғары деңгейде атап өтілді.
Сайыс мақсаты: Оқушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, ізденуге, топпен жұмыс жасауға, бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету. оқушылардың бастамаларына қолдау көрсетіп, бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру арқылы «Жайдарман» ойындарын балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының бірсаласы ретінде насихаттау және әр сынып командалары арасында шығармашылық, достық қарым-қатынасты күшейту болды.
Бүгінгі сайысымыз 2 кезеңнен тұрды.
1) Сәлемдесу
2) Үй тапсы-рмасы (көрініс)
Сайысқа қатысушылардың өнерлеріне баға беретін қазылар алқасында Жанат Бакитжановна, Аралбаева Ақмарал, Диас Нұрболатұлы болды.
Сайысқа 8-10 сынып оқушылары қатысты. Атап айтар болсақ 8 А, 8 Ә, 8 Б, 3 А, 9 Ә, 10 А, 10 Б.
Сайысқа әр топ өзінің топ атауларымен шықты. Әр топ кезекпен шығып кезең ережелеріне байланысты өздерінің өнерлерін көрсетіп жатты. Әділ қазылар алқасы өздерінің әділ бағаларын берді. Ойын соңында барлық сайысқа қатысушалар жүлделі орындарды алды. Ал бас жүлдені, мектебіміздің ең белсенді сыныбы 8 «Ә» жеңіп алды. 8 «Ә» сынып оқушыларын шын жүректен құттықтаймыз, алдағы уақытта биік белестерден көріне беруге тілектеспіз.


https://www.instagram.com/p/CmHa1B-Im6o/?utm_source=ig_web_copy_link