02
қыркүйек
2022
Жаңа оқу жылымен қатар келген күздің алғашқы күнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа кезекті Жолдауын жолдады.
Жаңа оқу жылымен қатар келген күздің алғашқы күнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа кезекті Жолдауын жолдады.
Бұл Жолдауы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» - деп аталды.
Жолдаудағы ірі басымдықтардың бірі – Жаңа Қазақстанның басты бес бағыты: Жаңа экономикалық саясат, экономиканың нақты секторын дамыту,ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция, мемлекттік басқару ісін қайта жаңғырту, заң мен тәртіпке ерекше басымдық беру.
Жолдаудың үшінші бағытында: Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл айқын нәрсе. Сондықтан ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды деп жолдауда нақты айтылып өтілді.