Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жас Ұлан», «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау
14
желтоқсан
2022

«Жас Ұлан», «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау

15.12.2022ж күні №205 ЖББ мектебімізде, 16 - желтоқсан Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігіне  31 жыл толуына орай  Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау жиыны ұйымдастырылып, жоғарғы деңгейде аталып өтілді. 
Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуге дайынбыз. 
Қазіргі таңда білім бағдарламалары елімізге ұтымды үлес қосып келеді. Табыс тізгіні – білімді болашақ жастардың қолында. Біз – Қазақстан болашағымыз! Біз мақтаныш  тұтуға лайықпыз!
«Жас Қыран » ұйымының антын айту құқығы №205 жалпы білім беретін мектептің 2 А сынып оқушысы Марат Бейбарыс-қа берілді.
Келесі ант тапсыру рәсімі «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға берілді.
«Жас Ұлан » ұйымының антын айту құқығы №205 жалпы білім беретін мектептің 5 Ә сынып оқушысы Сарқыт Зере-ге берілді.
Рәсім соңында мектеп директоры Даулетова Г.А. оқушыларды Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына ресми түрде қабылдануларымен құттықтап сөз сөйледі.  
Екінші және бесінші сынып оқушылары сендерді Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдануларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз, алар асу белестеріңіз көп болсын!

[media=https://www.facebook.com/100084260133203/videos/2847681888710212/]