27
қыркүйек
2022
Кітапхана жетістігі
Алатау аудандық жалпы білім беретін мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен өткен қоғам қайраткері, ақын Мұхтар Шахановтың 80- жылдығына орай «Ғасырдың ғаламат ақыны» тақырыбында Шаханов оқуларын ұйымдастырды. Үш номинациядан тұратын байқауға 28 мектептен ұстаздар қатысты. Ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысында «Шындық туын желбіреткен» Шаханов номинациясы бойынша жоғарғы деңгейде өнер көрсеткені үшін үшінші орынды №205 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Тұрысбекова Шәмшат иеленді.Байқаудың мақсаты: жалпы білім беретін оқу орындарының мұғалімдер арасында Мұхтар Шаханов шығармаларын насихаттау, мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін анықтау, дамыту.