Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жалпы ата - аналар жиналысы өтті.
23
қыркүйек
2022

Жалпы ата - аналар жиналысы өтті.

23 қыркүйек күні № 205 жалпы білім беретін мектепте 1-10 сыныптар арасында ата-аналар жиналысы болып өтті. Күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды: 
1. Оқу жылының басталуы туралы жаңа мақсат-міндеттермен танысу. 
2. Мектептің ережесімен таныстыру. 
3. Оқушылар ережесімен таныстыру. 
4. "Үлгілі ата-ана" тренинг. 
“Ел боламын десең, бесігіңді түзе” деген нақыл сөзінің мәні тереңде жатыр. Яғни болашақ тізгінін ұстар, елінің ертеңі болар, халқының үмітін ақтай білетін дені сау, білімді де саналы жас ұрпақты өсіру талабынан туындап отыр. Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады деседі, оның біріншісі ата-анадан, екіншісі-ұстазынан, үшіншісі-құрбысынан. Бұлардың ішінде қайсысын жақсы көрсе, сонысынан көбірек жұғады-деген екен Абай атамыз. Осы орайда, мектепте  2022 ж.23 қыркүйек күні  жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі оқушылардың жолдағы өмір қауіпсіздігі. Жол жарақатының алдын алу бойынша ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 2022-2023 жаңа оқу жылының басталуы, мектептің ішкі тәртібі және басқа да мәселелері қарастырылды.  
















2022-2023 жаңа оқу жылының ұйымдастырылуы (оқулықтармен толық қамтамасыз етілуі, бірыңғай талаптың орындалуы т.б.) және биылғы оқу жылындағы өзгерістер (оқу апталығы 5 күндік, демалыс мезгілдері, оқу жылының 31.05.22 аяқталынатыны) мен алдағы мақсат-міндеттер тағы да басқа әр түрлі мәселелер талқыланды!