Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға ақшалай қаражатты тағайындау және төлеу мөлшері" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
05
қаңтар
2024

"Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға ақшалай қаражатты тағайындау және төлеу мөлшері" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға ақшалай қаражатты тағайындау және төлеу мөлшері" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің 133 бабының 3 тармағы және 137-бабының 1-тармағы мен "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10- бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және оларды асырап-бағуға ақшалай қаражатты тағайындау және төлеу мөлшерінің тәртібін айқындайды. 2. Патронат нысанындағы қорғаншылық немесе қамқоршылық кәмелетке толмаған жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оның ішінде білім беру ұйымындағы, медициналық немесе өзге де ұйымдағы балаларға белгіленеді. 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі 3. "Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға ақшалай қаражатты тағайындау және төлеу мөлшері" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға ақшалай қаражатты тағайындау және төлеу мөлшері" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар) көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді. 4. Қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ хабарлама жіберіледі. 5. Республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы білім бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. 6. Жеке басын растайтын құжаттар, некеге тұру туралы куәлік туралы мәліметтерді ("АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда), көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрса, "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтаманы, көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) тұрғын үйге меншік құқығының бар екендігін растайтын құжаттарды, білімі туралы мәліметтерді, баланың (балалардың ) білім беру ұйымында оқуы туралы анықтаманы (мектеп жасындағы балалар үшін), екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда ағымдағы шот ашу туралы шарт жасасқанын растайтын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Қызметті алушы мен жұбайының (зайыбының) соттылығының болуы не болмауы туралы мәліметтерді (егер некеде тұрса) көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің ақпараттық жүйесінен алады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға көрсетілген қызметті алушының келісімін алады. Көрсетілетін қызметті берушілер іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттарды цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, бір реттік парольді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады. Қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті одан әрі қараудан бас тартады. 7. Құжаттарды тексеру қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті беруші 2 ( екі) жұмыс күні ішінде тұрғын үйге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісін (бұдан әрі – акт) жасайды. 8. Акт жасалғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші он жасқа толған баланың оны патронаттық тәрбиеге беру туралы келісімін 2 (екі) жұмыс күні ішінде рәсімдейді. 9. Көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3- қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт (бұдан әрі – шарт) жасасу туралы хабарлама дайындайды. Осы Қағидалардың Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарының 9- тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз анықталған кезде, көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік–процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымнын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жолдайды. Тыңдау рәсімі ҚР АӨК-нің 74-бабына сәйкес жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында 1 (бір) жұмыс күні ішінде шарт жасасу туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі. 10. Қызметті алушы шарт жасасу туралы хабарламаны алғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушіге шартқа қол қою үшін 1 (бір) жұмыс күні ішінде келуі қажет. 11. Шартқа қол қойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау туралы шешімді не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетін" жолдайды. 12. Туысы, өгей әкесі (өгей шешесі) түріндегі көрсетілетін қызметті алушы баланы ( балаларды) патронаттық тәрбиелеуге қабылдаған кезден бастап күнтізбелік бір жыл ішінде көрсетілетін қызметті берушіге Кодекстің 91-бабының 4-тармағына сәйкес психологиялық даярлықтан өткені туралы сертификат береді. 13. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы көрсетілетін қызметті берушілерді, оның ішінде Бірыңғай байланыс орталығын, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторын Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабардар етеді. 3-тарау. Көрсететін қызмет алушыға берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеу тәртiбi 14. Білім беру ұйымдарында, медициналық немесе басқа ұйымда мемлекет толық қамтамасыз ететін қамқорлықтағы балаларға ақша қаражаты тағайындалмайды. 15. Қызмет алушыға ақша қаражатын тағайындау туралы шешімнің негізінде көрсетілетін қызмет берушіге 5 (бес) жұмыс күні ішінде патронат тәрбиешілерге ақша қаражатын төлеуді жүргізеді. 16. Патронаттық тәрбиедегі балаға (балаларға) бөлінетін ақша қаражатын төлеудi мерзiмiнен бұрын тоқтатуға әкеп соғатын, осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, қамқорлықтағы балаға он сегіз жасқа толғанға дейiн көрсетілетін қызмет алушыға тағайындалады және төленедi. 17. Қызмет алушыға берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді көрсетілетін қызмет алушы мен көрсетілетін қызмет беруші арасында жасалатын баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарттың негізінде ақша қаражатын тағайындау туралы шешім шыққан күннен бастап ағымдағы айдың 15-күнінен кешіктірмей ай сайын жүргізеді. 18. Қызмет алушыға баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеу мынадай негiздемелер бойынша тоқтатылады: 1) қамқорлықтағы баланың кәмелетке толуы; 2) қамқорлықтағы баланың жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға, стационар үлгісіндегі медициналық-әлеуметтік мекемеге толық мемлекеттік қамтамасыз етуге орналасуы; 3) қамқорлықтағы баланы асырап алу; 4) патронат тәрбиешiнiң өз мiндеттерiн атқарудан шеттетілуі; 5) шарт мерзiмiнiң өтуi немесе оның мерзiмiнен бұрын бұзылуы. 19. Қызмет алушыға берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді тоқтату көрсетілетін қызмет берушінің шешiмi бойынша, төлеудi тоқтатуға әкеп соқтырған мән-жайлар туындаған айдан кейiнгi айдан бастап жүргiзiледi . 20. Көрсетілетін қызмет беруші шешiм қабылданған күнiнен бастап бір ай мерзiмде қызмет алушыға ақша қаражатын төлеудiң тоқтатылғаны туралы хабардар етеді. 21. Көрсетілетін қызмет берушінің кiнәсiнен көрсетілетін қызмет алушы уақтылы алмаған ақша қаражаты, егер ол үшiн өтiнiш қамқорлықтағы бала он сегіз жасқа толғанға дейiн берiлсе, көрсетілетін қызмет берушіге өтініш түскен күннен бастап барлық өткен кезең үшiн төленедi. 22. Патронаттағы балаға (балаларға) ақша қаражатын тағайындау және төлеу бойынша құжаттар көрсетілетін қызмет берушінің қамқорлықтағы балалардың жеке істерінде сақталады. 23. Қызмет алушы шығыстарды есепке алуды ақша қаражатының кірісі және шығысы бойынша жазбалар түрінде жүргізеді. 4-тарау. Қызмет алушыға берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеу мөлшері 24. Қызмет алушыға берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеу ай сайын мынадай мөлшерде жүргiзiледi: 1) мектеп жасына дейiнгi бiр бала үшiн тамақтану – 6 (алты) айлық есептiк көрсеткiш; 2) мектеп жасындағы бiр бала үшiн тамақтану – 7 (жеті) айлық есептiк көрсеткiш; 3) бiр баланың киiм-кешегi, аяқ киiмi және жұмсақ мүкәммалы – 3 (үш) айлық есептiк көрсеткiш. 25. Көрсетілетін қызмет беруші қызмет алушыларға берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатының жұмсалуын бақылауды жарты жылда кемінде 1 (бір) рет жүргізеді. 5-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көсетілетін қызметті берушінің және ( немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 26. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беріледі. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, шағымды қарайтын орган жүргізеді. Шағымдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне ( әрекетсіздігіне) шағым жасаған лауазымды тұлғаға беріледі. Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, шешімге, әрекетке ( әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді немесе әкімшілік әрекетті қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 2- тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарайтын органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Егер заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. 27. Қызметті алушы, егер мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

Похожие публикации: