30
қыркүйек
2022
Мектеп асханасы жайлы мәлімет
Бала денсаулығын, оның дене және ақыл-ой дамуын анықтайтын бағыттардың бірі өскелең ұрпақты сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған тамақтандыру оқушылардың денсаулығын сақтауға көмектесетіні сөзсіз.
Бүгінгі таңда жас ұрпақтың денсаулығы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатыны баршаға аян. Сол себептен мектеп оқушыларының тамақтану мәселесіне айрықша мән беріп, қадағалауымыз қажет. Асхана жұмысын дұрыс ұйымдастыру, тамақтану сапасын тексеру үшін бракераж тобы құрылып күн сайын рейдтер жүргізіледі. Мектеп асханасынан бір мезгіл ыстық тамақпен көпбалалы, аз қамтылған, жартылай жетім, толық емес отбасы балалары тамақтанады.Күнделікті тамақты мәзір байынша, құнарлы өнімдермен дер кезінде дайындап отырады. Асхана 260 орындық. Ыстық тамақпен балалар бекітілген кесте бойынша тамақтанады. Яғни бір мезгіл ыстық тамақпен бастауыш 1-4 сыныпта 650 оқушы тамақтанса, мектеп асханасын жалға алушы есебінен 24 оқушы тамақпен қамтылады. Жалға алушы есебінен 10 оқушы қамтылған. Мектеп асханасының санитарлық-гигиеналық жағдайы күнделікті қадағаланып,тағамдардың дайындау технологиясына, өнімдердің сақтау мерзіміне, мектеп асханасының талапқа сай жұмыс жүргізілуіне байланысты жалға алушыға барлық мән – жәй ескертілді.Асханада күнделікті ас мәзірі ілініп тұрады. Ас мәзірі оқушылардың денсаулығын нығайту мақсатында дәрумендерге бай көкөністерден әзірленеді.
Осы оқушылардың дер кезінде тамақтанып отыруын мектеп директордың тәрбие орынбасары, әлеуметтік-педагог қадағалайды.




Мұғалімдер арасында асханада кезекшілік құрылып мектеп директорымен бекітілген. 
