Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Мектептік тамақтандырудың сапасы мониторинг жүргізу» комиссияның асхананы тексеру қорытындысы жөнінде АНЫҚТАМА
30
қыркүйек
2022

«Мектептік тамақтандырудың сапасы мониторинг жүргізу» комиссияның асхананы тексеру қорытындысы жөнінде АНЫҚТАМА

Қ.Р. Білім және Ғылым министрінің 2018 жылы 31 қазандағы «Мектеп оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру» туралы №598 бұйрығының 60,

70 тармақтарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  ДСМ - 76 негізінде құрылған тамақтандырудың сапасына мерзімдік бағалаудың,  бракераж  жүргізу жөнінде комиссия мүшелері және  Қамқоршылық кеңес мүшелерінің қатысуымен бірлескен түрде мектеп асханасына ыстық тамақтың ұйымдастырылуы және берілуі жөнінде зерделеу жұмыстары жүргізілді. 2023 жылдың 29 қыркүйек айында оқушылардың білім алуын қамтамасыз ету және оған жағдай жасау мен бөлінген қаражаттың мақсатты түрде жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында арнайы комиссия құрылып, мектеп асханасына тексеру жүргізді.

Мектеп асханасын тексеру мақсаты:

  1. Асханадағы ас мәзірімен танысу және ондағы тағамдардың салмағы мен калориясын өлшеп көру.
  2. Калькуляциялық және брокераждық журналдың болуын тексеру;
  3. Асханадағы тамақ даярлау орындарын және шикізат сақтау қоймаларын көру және ондағы өнімдердің пайдаланудағы уақыт мерзімін тексеру;
  4. Асханадағы тамақтану орындары мен ыдыс-аяқтардың жеткіліктілігін анықтау;
  5. Асхана тазалығы мен пайдаланылған ыдыстардың жуу орындарын және дезинфекцияның болуын тексеру;
  6. Асхана жұмысшыларының санитарлық кітапшаларының болу міндеттілігін және олардың адам басына шаққанда ас даярлау киімдерінің комплекциясын тексеру.
  7. Мектеп асханасының санитарлық-гигиеналық талапқа сай жұмыс істеуін, тамақ өнімдерінің сапасына, тағамдарды дайындау технологиясына, тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу.

 Комиссия төмендегі құрамда бекітілген.

Комиссия мүшелері:

  1. Мектеп директоры Г.А Даулетова  
  2. Ж.Т Жетенова - ДТІЖО
  3. С.Қалижан – қамқоршы кеңесі төрағасы
  4. Ж.Ш.Байжанова -мектеп мед.бикесі
  5. С.С.Ахметова.- әлеуметтік педагог
  6. А.Қалабаева –бастауыш сынып мұғалімі
  7. Б. Хумарбек- ата ана  


Тексеру нәтижелері:

1 пункт бойынша:

  • Ас мәзірі бар және оған сәйкес тағамдардың салмағы мен калориясы өлшеніп,ондағы тағамдардың салмағы мен калориясының ас мәзірдегі жазбаға сәйкес келетіндігі анықталды.

2 пункт бойынша:

  • Тағамдардың салмағы мен калориясын тіркейтін калькуляциялық және бракераждық журналдары бар.

3 пункт бойынша:

  • Асханада: шикізатқа арналған үстел, ұн илеуге арналған үстел, нан турауға арналған үстел, дайын өнімге арналған үстел,  жеміс-жидекке арналған  үстелдер бар, маркерленген.
  • Асханада: 2 электр пештері және 2 мармид пен 3 суытқыш бар.
  • 3 тоңазытқыш және 3 мұздатқыш камерасы бар.

4 пункт бойынша:

  • Асханада: 630 тамақтану орындары бар және қажетті ыдыстармен толық қамтылған.

5 пункт бойынша:

  • Асханада күніне 2 рет ылғалды тазалық (уборка) жасалынып отырылады.
  • Пайдаланылған ыдыстарды дезинфикация жасау және жуу орындары мен кептіру орындары бар.

Тексеру қорытындысы: Мектеп асханасында 630 орын 156 ас ішетін орын бар. Мектептің асханасының жұмысы талапқа сай ұйымдастырылған және жабдықталған. Азық-түлікті қабылдау актісі дер кезінде жазылады. Тегін ыстық тамақтың сапасын бақылау мониторингісі жүргізіліп, комиссия отырыстарының хаттамасы жазылады. Асхана бұрышында күнделікті  және перспективтік ас мәзірі, мектеп әкімшілігі тарапынан және сынып жетекшілерінен кезекшілік кестесі орналасқан.Сонымен қатар, салауатты өмір салтын насихаттау материалдары мен тыйым салынған тағамдардың тізімі орналасқан. Таза ауыз суын тұтынуын орнатылған. Азық-түлік қоятын қойманың және асхананың тазалығы санитарлық талапқа сай. Тәуліктік  тамақ сынамалары тоңазытқышта сақталынады. Күнделікті асханада мектеп оқушыларының  95% тамақтанады. 2022-2023 оқу жылы бойынша  жалпы  білім беру есебінен  24 оқушы және жалға алушы есебінен 10 оқушы тегін бір мезгілдік тамақпен қамтылды. Бұл  әлеуметтік отбасы жағдайына байланысты аз қамтамасыз етілген отбасылар мен жетім балаларға арналған көмек.


Биылғы оқу жылының қыркүйек  айынан бастап   1-4 сынып  бойынша 646 оқушы арнайы  қалалық білім бөлімі бекіткен ас мәзірімен тегін тамақтану ұсынылды.  Оқушылардың тамақтануын  мектеп асханасы жалға алушы «ТОО Open Soul Inc» жалға алушы жүзеге асырады.

 Мектептің мед.бикесі асханадағы дайын және шикі тағамдарды алдын-ала бақылап, олардың санитарлық нормаларға сейкес екендігін журналға толтыру және оларды тұтынуға рұқсаттама беріледі. Оқушылардың тамақтанатын орындары мен әр бір балаға берілетін ыдыс түрлері жеткілікті. Оқушыларға берілетін барлық тағам түрлері алдын-ала мед.биекенің қадағалауын өтіп барып беріледі. Мектеп асханасында жұмыс жасайтын жұмысшылардың барлығында санитарлық кітапшалары бар. Буфеттік тағамдардың дайындалу сапасы жақсы, ас мәзірі апта сайын өзгертіліп отырады. Ыстық тағамдардың сапасы жақсы, талапқа сай. Азық-түліктер күнделікті пісіріліп, мүмкіндігінше ертеңгі күнге қалдырмайды.

 Жалпы мектеп асханасында тамақтанудың гигенасы мен санитарлық нормалары сақталған және оқушылардың дұрыс тамақтануына барлық жағдайлар жасалған.

Асхана жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар:

1.Мектеп асханасына жеткізілетін тамақ өнімдерінің жарамдылығына, сапасына аса назар аудару.

2.Қоғамдық тамақтану мәзіріге сәйкес жүргізілуі.

3. Тиым салынған тағам түрлерін сатылымға шығаруға жол бермеу.

4. Арнайы қол жуатын орындарға сұйық сабын қойылуын назарға алу.

5. Асхананың жалпы жағдайын үнемі тазалықта ұстау.