Салауатты тамақтану мектебі
“Салуатты тамақтану мектебі” аудандық акциясы жоспары бойынша 06.02.2024ж 1-4 сынып оқушыларының дұрыс тамақтану дағдысын қалыптастыру мақсатында ата-аналармен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты- ата-аналарға балаларының күнделікті қандай тағамдар пайдаланатынын көрсету. Мектеп асханасында әр аптаның әр күні бекітілген ас мәзірі бойынша тағамдар ұсынылды. Ата-аналар өз пікірлері мен ұсыныстарын айтып өтті. Кездесу соңында ата-аналар тарапынан берілген сұрақтарға нақты жауаптар берілді.