«Балақайлар мектебі» 1-сынып оқушыларына арналған бейімделу курсы:
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршін үшін бұл — өміріндегі жаңа кезеңнің басталуы. Ол — баланың мектепке дейінгі мекемеден бастауыш мектепке өтудегі әлеуметтік, психологиялық және физиологиялық бейімделу кезеңі. Бұл үдеріс оқушының білім алуға деген ынтасын, өзін-өзі бағалауын, эмоционалдық жағдайын, алдағы оқу жетістіктерін айқындайды. Жаңа ортаға, жаңа тәртіпке, мұғалім мен сыныптастарға бейімделу процесі баланың мінез-құлқына, психикасына үлкен әсер етеді. Сондықтан білім беру