Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Балақайлар мектебі» 1-сынып оқушыларына арналған бейімделу курсы: 2025–2026 оқу жылының бастамасы
11
тамыз
2025

«Балақайлар мектебі» 1-сынып оқушыларына арналған бейімделу курсы: 2025–2026 оқу жылының бастамасы

Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршін үшін бұл — өміріндегі жаңа кезеңнің басталуы. Ол — баланың мектепке дейінгі мекемеден бастауыш мектепке өтудегі әлеуметтік, психологиялық және физиологиялық бейімделу кезеңі. Бұл үдеріс оқушының білім алуға деген ынтасын, өзін-өзі бағалауын, эмоционалдық жағдайын, алдағы оқу жетістіктерін айқындайды.Жаңа ортаға, жаңа тәртіпке, мұғалім мен сыныптастарға бейімделу процесі баланың мінез-құлқына, психикасына үлкен әсер етеді. Сондықтан білім беру ұйымдарына 1-сынып оқушылары үшін бейімделу курсын жүйелі әрі ғылыми-әдістемелік тұрғыда ұйымдастыру өте маңызды. Сонымен қатар біздің 205 жалпы білім беретін мектебімізде де “Балақайлар мектебі” атты 1-сыныптарға арналған бейімделу курсы өтті. Бұл курс 2025–2026 жаңа оқу жылы қарсаңында ұйымдастырылып, бүлдіршіндердің мектеп өміріне қадам басуын жеңілдетуге бағытталды.

“Балақайлар мектебі” — болашақ оқушының мектепке деген сенімін арттырып, білім алуға деген қызығушылығын оятқан маңызды әрі жарқын кезең болды. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің жүздеріндегі қуаныш пен көздеріндегі ұшқын — осы курстың сәтті өткенінің дәлелі.

Мақсаты:

1-сынып оқушыларын мектепке бейімдеу арқылы олардың оқу процесіне қатысуына психологиялық, әлеуметтік және физиологиялық тұрғыдан қолайлы жағдай жасау.

Міндеттері:

- Балаларды мектептің ішкі тәртібімен, мектеп өмірінің ерекшеліктерімен таныстыру;

 - Сыныпта, мектеп ауласында өзін ұстау мәдениетін қалыптастыру;

- Оқу құралдарын дұрыс пайдалануды үйрету;

- Сөйлеу, тыңдау, сұрақ қою, жауап беру дағдыларын жетілдіру;

- Баланың мектепке деген оң көзқарасын қалыптастыру;

- Қобалжуды азайту, өзін-өзі еркін ұстауға көмектесу;

- Оқу үрдісіне дайындық (отыру, тыңдау, тақтамен жұмыс жасау, дәптер толтыру т.б.);

- Қарым-қатынас дағдыларын дамыту (достық, көмек сұрау, пікірлесу т.б.).