Семинар: «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі»
Семинар: «Отбасы – тәрбиенің алт ын бесігі» Мектебімізде психологтардың ұйымдастыруымен «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, отбасындағы тәрбиенің маңыздылығын түсіндіру. Іс-шара барысында мамандар ата-аналарға психологиялық кеңестер беріп, тәрбиенің түрлі тәсілдері мен әдістерін талқылады. Сонымен қатар, ата-аналар өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты.