Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Қыркүйек 2025 года » Страница 4
«Дені сау ұрпақ»
11
қыркүйек
2025
«Дені сау ұрпақ»
📌 Бүгін мектебімізде «Дені сау ұрпақ» тақырыбында ата-аналарға арналған ақпараттық кездесу өтті. Кездесу барысында балаларды ерте жастан дамыту жолдары мен денсаулықты сақтау шаралары талқыланды. Мамандар ата-аналарға пайдалы кеңестер беріп, салауатты өмір салтының бала болашағы үшін маңызына тоқталды. 👨‍👩‍👧‍👦 Шара ата-аналарға бағыт-бағдар беріп, баланың жан-жақты дамуына ықпал етті. #ДеніСауҰрпақ #АтаАнаменКездесу #СалауаттыӨмір #МектепІсШарасы
«Кітапхана-табыс аумағы» өңірлік акция
10
қыркүйек
2025
«Кітапхана-табыс аумағы» өңірлік акция
№205 ЖББ мектептің бастауыш буынында оқитын 1”Г”, 3” Б” сыныбының оқушыларымен Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №44 филиалына экскурсия жасалынды. Экскурсия барысында балалар қызықты кітаптармен танысып, балалардың кітапхана туралы ой- өрістері дами түсті.Кітап оқуға құштарлықтары жаңа леппен ашылды. 
Семинар: «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі»
09
қыркүйек
2025
Семинар: «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі»
Семинар: «Отбасы – тәрбиенің алт ын бесігі» Мектебімізде психологтардың ұйымдастыруымен «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, отбасындағы тәрбиенің маңыздылығын түсіндіру. Іс-шара барысында мамандар ата-аналарға психологиялық кеңестер беріп, тәрбиенің түрлі тәсілдері мен әдістерін талқылады. Сонымен қатар, ата-аналар өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты.
Жат ағымдар – экстремизмнің қаупі
09
қыркүйек
2025
Жат ағымдар – экстремизмнің қаупі
🛑 Жат ағымдар – экстремизмнің қаупі 🛑 Жастардың санасын улайтын жат ағымдар қоғамға үлкен қауіп төндіреді. Олар: ✔ ұлттық құндылықтарымызға қарсы шығады; ✔ білімсіздікті пайдаланады; ✔ алдаушылықпен өз қатарына тартады. ⚠️ Сондықтан әрбір жас: Дін туралы ақпаратты тек ресми дереккөзден алуы, Сала мамандары мен ұстаздардың кеңесіне жүгінуі қажет. 👉 Еліміздің болашағы – салауатты ойлайтын, бейбіт өмірді бағалайтын жастардың қолында! 🇰🇿 #ЖатАғым #ЭкстремизмгеЖолЖоқ #БейбітЕл
Кәсіби бағдар беру бойынша жеке қабылдау
08
қыркүйек
2025
Кәсіби бағдар беру бойынша жеке қабылдау
Мектебіміздің педагог кәсіби бағдар беруші маманы Алпысбаев Адлет Мухтарович аптаның әр дүйсенбі және сейсенбі күндері кәсіби бағдар беру бойынша ата-аналар мен оқушыларды қабылдайды. Қабылдау барысы келесідей кезеңдерден тұрады: - Ата-ана мен оқушы 3 реттік кеңестен өтеді - 1 ші кеңесте MBTI және Гарднер тесттері арқылы оқушы қабілеті анықталады - 2 ші кезеңде Оқушыға сәйкес келетін мамандықтар тізімін ұсыну - 3 ші кезеңде Оқушының таңдауы бойынша мамандығына сәйкес келетін ЖОО немесе