Біз таңдаған кітаптар
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында мектеп кітапханасы 2 сәуір Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Біз таңдаған кітаптар» тақырыбында кітап сыйлау акциясын ұйымдастырды. Акция барысында 7 В сынып оқушылары мен жетекшісі Джазбаева Айгерим өздері оқыған әдеби кітаптарын кітапханаға сыйға тартты. Мақсаты: Балаларға арналған әдебиетке, кітап өнері мен мәдениетіне, балалар кітабының қолжетімділігіне және оқушылардың кітап оқу деңгейін арттыруға назар аудару.