БАЛАЛАР ЖАЗУШЫЛАРЫМЕН ТАНЫСУ
2026 жылдың 17 сәуір күні кітапханада «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» Ұлттық кітап күні онкүндігі аясында «БАЛАЛАР ЖАЗУШЫЛАРЫМЕН ТАНЫСУ» тақырыбында белгілі балалар жазушылары туралы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Джазбаева Айгерим 7 сынып оқушыларына танымдық сағат өткізді. Мақсаты: Оқушыларды көркем әдебиетке баулу, балалар әдебиетінің тәрбиелік мәнін арттыру, оқырмандық мәдениетті қалыптастыру және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.