Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Мұғалім логопед сабағындағы түзете дамыту жұмыстары.
14
қазан
2025

Мұғалім логопед сабағындағы түзете дамыту жұмыстары.

Ұсақ моторика — бұл қолдың, саусақтың, білектің ұсақ бұлшықеттерінің қозғалысы мен үйлесімділігі. Оның дамуы — бала үшін өте маңызды.

Ұсақ моториканың балаға пайдасы:

1. Сөйлеу тілінің дамуына әсер етеді  
   – Саусақ пен сөйлеу орталығы мидың бір аймағында орналасқан.  
   – Саусақпен жұмыс істеу арқылы сөйлеу қабілеті жақсарады.

2. Жазу дағдысын қалыптастырады  
   – Қалам, қарындаш ұстау, әріп жазу оңай болады.  
   – Қолының бұлшықеттері жазуға дайындалады.

3. Зейін мен ойлау қабілетін арттырады  
   – Жинақылық, дәлдік, логикалық ойлау дамиды.  
   – Ұсақ тапсырмалар арқылы зейіні тұрақталады.

4. Шығармашылық қабілетті дамытады     – Қолөнер, сурет салу, ермексазбен жұмыс кезінде бала қиялын дамытады.

5. Тәуелсіздік пен ептілікке үйретеді  
   – Өз бетінше түйме қадау, бау байлау, киіну секілді әрекеттерді меңгереді.