Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оспанхан Әубәкіровтің туылғанына 90 жыл
08
қаңтар
2024

Оспанхан Әубәкіровтің туылғанына 90 жыл

2024 жылдың  8 қаңтар күні кітапханада «Оқитын ұлт-оқуға құштар мектеп» жобасы аясында сатира саңлағы О.Әубәкіровтің туылғанына 90 жыл толуына орай,  9-сынып оқушыларына LED экраннан танымдық сабақтар мен бейнероликтер көрсету барысында Оспанхан Әубәкіровтің өмірбаянымен таныстырылды.
Мақсаты: Қазақтың көрнекті тұлғасы Оспанхан Әубәкіровтің өмірі және шығармашылығымен  танысу, бүгінгі жас ұрпақ  та үлгі – өнеге тұтып, болашақта ел-жұртының есті азаматы болып қалыптасуына ықпал ету. 
Қазақ сатирасына Оспанхан Әубәкіровтің қосқан үлесі ерекше. Айтқысы келгенін шымшып жеткізетін, астарлап айтатын ақынның өлеңдерін оқи отырыңыздар. Өз заманының шындығын шымшыма сөзбен жеткізген шығармалары әлі де өзектілігін жоймай тұр.
Сатиралық шығарманы жазу үшін интеллектуалдық тереңдік, эмоциялылық, құбылыстарды көре білу, зерттеу, бағалау қабілетімен адамға туа бітті қасиет керек. Тума талант Оспанхан Әубәкіров - сатираның өзіндік талаптары мен заңдылықтарына толық жауап бере алды, бейнелеу тәсілдерін орынды, ұтымды қолдана білді. Оспанхан Әубәкіров сатирасындағы аллегориялық тәсіл асқан шеберлікпен қолданылады. 
Ол республикалық газеттерде, «Ара» журналында қызмет істеген. Сатиралық жанрмен бірге, балаларға арналған өлең-жыр, ертегі, пьеса, белгілі композиторлардың әндеріне мәтін жазумен, аудармамен де айналысқан.