Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Экранға тәуелділік. Ғаламтор сенің досың ба, жауың ба?»
10
қаңтар
2024

«Экранға тәуелділік. Ғаламтор сенің досың ба, жауың ба?»

 9-қаңтар 2024 жылы №205 жалпы білім беретін мектепте «Экранға тәуелділік. Компьютер сенің досың ба, жауың ба?» тақырыбында 5-6 сынып оқушыларына сынып сағаты өтілді.  
Жасөспірімдердің өміріне компьютерлік ойын соншалықты терең еніп, тіпті олар үшін  компьютерлік, яғни виртуалды «өмір» шын өмірге қарағанда әлдеқайда қызықты болып бара жатыр. Қазіргі жаңа технологияның қауырт дамып жатқан  заманында,  жастардың интернет желісінде қолданатын «Фейсбук», «ВКонтакте», «Инстаграм», «WhatsApp», «Скайп» секілді қосымшалардың да түрлерікөбейе бастады. Әлеуметтік желіде көрген-білгендерін қызықтап, қажетті ақпараттармен бөлісіп, фото орнату, лайк басу, пікір білдіру, селфи жасау үрдісі қалыпты дағдыға айналды. Қазіргі жаһандану дәуірінде адамның күнделікті өмірі компютермен өтеді. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Ал сол ғаламтордың, компьютердің пайдасымен қатар зиянының бары хақ. Санасы бар адам баласы саралап тура жолдан таймай, ғаламтордан өзіне қажеттісін алып, қалғанын сызып тастап отырса зиянын көрмесіміз анық.
Сонымен қатар, компьютерлік тәуелділіктен арылу наркотикалық немесе алкогольдік тәуелділіктен арылудан айрықша болады. Ересектердің міндеті жасөспірімдерге компьютерлік ойындарға тәуелділіктен арылту, алдын алу үшін оларды компьютерге қатысы жоқ басқа жұмыстармен айналысуға итермелеу. Өсіп келе жатқан бала компьютерден басқа да қызықты ойын-сауықтар бар екенін көрсету (футбол, басқа да спорт түрлері, тауға шығу, т.б.), олардың денсаулыққа пайдалы екенін, психологиялық жағдайды жақсартатынын көрсету,түсіндіру. Осы орайда оқушыларға ғаламтордағы мәдениетті насихаттап, дұрыс пайдалану тәсілдерін көрсеттік. Оқушылар тақырыпқа сәйкес постерлер жасап, вен диаграмасы арқылы зиянды және пайдасы тұстарын талдап белсенді қатысты.