Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Діни экстремизм мен терроризмге жол жоқ" тақырыбында сынып сағаты
12
қаңтар
2024

"Діни экстремизм мен терроризмге жол жоқ" тақырыбында сынып сағаты

Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жоспарға сай "Діни экстремизм мен терроризмге жол жоқ"  тақырыбында 9-11 сыныптар үшін тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: білім алушыларға экстремизм, терроризм туралы түсінік беру.Бүгінгі өмірмен байланыстыруДіни-саяси экстремизм - діттеген саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін, дінді қалқан ете отырып әрекет етуші, дінге ешқандай қатысы жоқ іс-қимыл. Басқаша атағанда - терроризм (лаңкестік). Мұндай әрекеттер көбіне мемлекеттің құрамын күшпен өзгертуге немесе үкіметті басып алуға бағытталады.Міне осындай  қауіпті жағдайға айналған әрекеттерді оқушылардың  іске асырып жаман әдеттерге елігіп кетуіне қарсы тұруды үйретуҚолданылатын құрал-жабдықтардың тізімі: тақта, плакаттар, проекторКөрнекіліктері: презентация

Оқушыларға  мұғалімдер  экстремизм зайырлы қоғамдағы демократияны жоққа шығаратын саяси іс-әрекет екенін айтып , экстремизмнің негізгі белгілері туралы ақпарат беріп, оқушыларға дұрыс діни түсініктерін дамытып, ағарту жұмыстарын жүргізді. Сынып сағаты барысында сынып жетекшілер  оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, радикалды діни ағымдар идеяларының кері ықпалынан сақтандыру, түрлі қылмыстық элементтерге бой алдырмауына, бос уақыттарын тиімді пайдалану, олардың арасында патриоттық сезімдерін оятты.Толеранттық, экстремизм, патриотизм ұғымдардың мағынасын, міндетті мектеп формасы туралы толық түсіндірді.