«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жұмысын жандандыру мақсатында ата-аналар жиналысының өткізілді.
Қаңтар айының 18-19 жұлдызы күндері мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа қамқоршылық кеңесінің құрамы, ата- аналар, мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер мен ұстаздары қатысты.
Күн тәртібінде:
- Мектепке әкелуге тыйым салынатын заттар тізімін таныстыру
мектеп директоры Г.Даулетова
- 2023-2024 оқу жылында "Ата-аналар мектебі" жобасы аясында "Қыз намысы-ұлт намысы", «Әкеңнің төріне сенбе, еткен еңбегіне сен» тақырыбында баяндама ДТІЖО Ж.Т.Жетенова
- Әртүрлі мәселелер
Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Г.Даулетова сөз алды Білім және ғылым министрінің бұйрығымен білім беру ұйымдарына кіргізуге тыйым салынған және пайдалануға болмайтын заттардың тізімі бекітілдігі туралы ата- аналарға таныстырды. Жаңа норманы енгізу оқушылар үшін қауіпсіз және жайлы орта қалыптастыруға, сондай-ақ құқық бұзушылықтарды уақытылы анықтауға және оның алдын алуға мүмкіндік беретіндігін айтты.
Осылайша, мектептерге қару мен оған сыртқы ұқсастығы бар заттарды әкелуге қатаң тыйым салынады. Бұдан бөлек, білім беру ұйымдарында шаншитын, кесетін және өткір заттарды, өнеркәсіптік құралдарды, оқ-дәрілерді, жарылғыш, улы, психоактивті заттарды әкелуге және пайдалануға жол берілмейді.
Сондай-ақ мектеп оқушыларының оқу сабақтары кезінде смартфон, планшет, плейерлерді пайдалануына шектеу енгізіледі. Бұл шектеулер денсаулықты бақылау үшін смартфонды қажет ететін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қатысты емес. Балалардың тыйым салынған заттарды білім беру ұйымдарына кіргізгені үшін олардың ата-аналары мен заңды өкілдері жауапты болатынын айтып өтті. Сонымен қатар, мектептің ішкі тәртіп ережесін бекіту. 2023-2024 оқу жылындағы оқушылардың мектеп формасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» №26 бұйрығымен таныстырып өтті.
Екінші мәселе бойынша ДТІЖО Ж.ТЖетенова сөз алды 2023-2024 оқу жылында «Даналық метебі» жобасы аясында Отбасы құндылықтарын күшейту, бала тәрбиесіндегі ата-аналар қауымдастығының, әкелер жауапкершілігін арттыру мақсатында "Ата-аналар мектебі","Қыз намысы-ұлт намысы"тақырыбында және «Әкеңнің төріне сенбе, еткен еңбегіне сен» («Ата-аналар мектебі» жобасы) жалпы ата-аналар жиналысында баяндама оқып, бейне презентация арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: қазақ тағылымындағы ұл, қыз бала тәрбиесінің өзіндік ерекшеліктерін баяндай отырып, ұстанған негізгі бағыттар туралы баяндау арқылы ата-аналардың педагогикалық сауаттылықтарын арттыру. Ұлт тағдыры мен қыз бала тәрбиесі-біртұтас екендігін ұғындыру. Жаңа форматтағы ата-аналар жиналысының ІІ кезеңінде ата-аналар мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен жеке-жеке жолығып, өз балаларының сабақ үлгерімі мен тәртібі, т.б мәселелер жөнінде сұрақ-жауап алмасты, сонымен қатар тиісті сала мамандарынан кеңес алды.
Жиналыста күн тәртібіндегі барлық мәселелер қамтылып, ерекшеліктері мен өзгерістер туралы және мектептің ішкі тәртіп ережелері жайлы егжей-тегжейлі түсіндіріліп, сұрақтарға жауап берілді. Жиналысқа келген ата- аналар жаңалықтардан хабардар болып, өз ойларындағы бірнеше сұрақтың жауабын алды.

