Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Туған жер – алтын бесігім»
30
қаңтар
2024

«Туған жер – алтын бесігім»

2024 жылдың 30 қаңтар күні  7 «Е» сынып оқушылары «Туған жер – алтын бесігім» тақырыбында эссе жазды. 
Мақсаты: Оқушыларға туған өлке тарихын зерделеуге таным түсінігін кеңейтуге көмектесуге, өз отанын сүюге тәрбиелеу.
Туған жер - әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір бақи тұратын өлкесі. Әрбір адамның табан тірер туған жері болады. Туған елге, жерге деген сүйіспеншілік адамды алға жетелеп отырады. 
Адам – табиғат перзенті. Туған жер – адам өміріндегі киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала. Туған жер туралы көптеген ақын жазушыларымыз өлеңдер жазып кітаптар шығарған.