31
қаңтар
2024
«Дала қоңырауы-Ыбырай Алтынсарин»
2024 жылдың 31 қаңтар күні кітапханада 9 сынып оқушылармен «Дала қоңырауы-Ыбырай Алтынсарин» тақырыбында әңгімелер циклын өткіздік. LED экраннан Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен еңбек жолы көрсетілді.
Мақсаты: Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру.
Ыбырай Алтынсарин (1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы. Туып-өскен жері — Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы. Қазақтың көрнекті ағартушысы Ыбырай Алтынсарин туралы жазылған дүние аз емес. Ол – өнегеге толы қысқа ғұмырын білімге арнаған тұлға. Бүгінде мектеп табалдырығын аттаған әрбір бала білім жолына басқан қадамын "Кел, балалар, оқылық!" сөзімен бастайды. Себебі Ыбырай Алтынсарин - қазақ даласындағы алғашқы мектептің іргетасын қалаған ұлағатты ұстаз. 1864 жылы өзінің күшімен қазақ балаларына арналған алғашқы мектепті ашқан еді. Алтынсариннің ағартушылық жəне педагогикалық қызметі осы кезеңнен басталды. Бұл – халық ағартушысының ұстаздық жолы сəтті басталғанының көрінісі. Тұңғыш ағартушы өмірінің жиырма бес жылын оқыту, мектеп ашу, оқулықтар жазу ісіне арнады.

