22
ақпан
2024
«Бір аймақ – бір кітап»
2024 жылдың 22 ақпан күні кітапханада «Бір аймақ – бір кітап» тақырыбында 5 сынып оқушыларымен әдеби сабақ ұйымдастырылды.


Мақсаты: Оқушыларға туған жерге, елге деген махаббатын оятып, сонымен қатар өскелең жас ұрпаққа өскен жерінің әдеби мұрасын таныту.
Кітап - адамзат баласының баға жетпес рухани құндылығы. Кітап білім мен тәрбие құралы ретінде жеке тұлғаны қалыптастыруда ерекше ықпалға ие. Әдеби шығарма оқу тек қана оқу емес, ол өзіңді - өзің тәрбиелеу, парасаттылыққа апарар жол іздеу. «Бір аймақ - бір кітап» іс-шарасы арқылы келер ұрпақты тек оқуға ғана емес, озық гуманистік ақыл - ой мен адамгершілікке де тәрбиелеу. Өткізіліп отырған іс-шара оқу мәдени мұраны насихаттау мен оқушылардың кітап оқуға деген көзқарасын жақсартуда үлкен жетістіктерге жетіп отырғаны сөзсіз. Ол оқушыларды кітап оқу ісіне тартудың: презентациялар, кітап көрмелері, ашық сөрелер, тағы басқада түрлі формалар арқылы мүмкін болып отыр.


