«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты тіл апталығының ашылу салтанаты өтті.
Бүгін 11-наурыз «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты тіл апталығының ашылу салтанаты өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні ұстаздары салтанатты ашылуды мектеп әнұранымен бастап, мың бұрала би билеп, әннен шашу шашты. Ахмет Байтұрсынұлының «Анаға хат» өлеңі негізінде композициялық қойылым көрсетіп, көрермендерді тәнтті етті.
Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Демек әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді құрмет тұтып білуі тиіс. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Ана тіліміздің мәртебесін үстем етіп, еліміздің мерейін көтерейік. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін ана тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Бұл біздің басты парызымыз дей келе бүгінгі іс-шарамыз өз мәресіне жетті. Қадірменді көрермендер! Келесі кездескеше аман-сау болыңыздар!
Кіршіксіз қардай сақтаңдар,
Қазақтың тілін ғаламат.
Ана тіл – арым, иманым,
Аманат, саған, аманат.


