Әскери – патриоттық кездесу
Бүгін 13.03.2024 ж күні мектебімізде Алматықаласы «ГерманиядагыКенесәcкepiнің Тобы Менваршава келісім шарты әcкерінің тобы ардагерлері» (гкәт, вкшәт)» республикалыққоғамдық филиалы 10- сынып оқушыларымен арнайы әскери – патриоттық кездесу жиынын өткізді.
Кездесу шараның мақсаты – жастардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, әскери-патриоттық рух қалыптастыру, азаматтарымыздың Отан алдындағы борышын өтеуге шақыру, салауатты өмір салтын насихаттау.
Кездесуге Махмудов Рахимжан Садыкұлы, Заиндинов Нурлан Сабырұлы, Азизов Абдурешит Абдукаримұлы Асанбаев Жантайбай, Айдарбаев Алмасбек Рахымкулұлы ағаларымыз жастар арасындағы өзекті мәселелерді шешудің жаңа бағыттарын ұсынды.
– Қазіргі таңда жастарды әскер қатарына тарту жұмыстары бойынша жүйелі жобалар іске асыруды бастап кеттік. Әскери борышын өтеу ‒ Отан үшін жанын салуға бел буған азаматтардың саналы таңдауы,–деді ауған соғысының ардагері Асанбаев Жантайбай.
- «Бүгінгі шара өте қызықты өтті. Келген қонақтармен пікір алмасып, көкейіміздегі сұрақтарға жауап алдық. Отанды қорғау әрбір азаматтың борышы. Сондықтан менде әскерде болып, өз міндетімді орындауға әрқашан дайынмын, – деді 10 «Ә» сынып оқушысы Әуелбек Шоқан.




