Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Оқуға құштар мектеп" жобасы
14
наурыз
2024

"Оқуға құштар мектеп" жобасы

2023-2024 оқу жылында мектебімізде “Оқуға құштар” жобасы аясында 1 “Г” сынып оқушылары мен ата-аналар белсене ат салысып, қызыға әртүрлі оқулықтар оқыды. МАҚСАТЫ: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету;
Кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру;
Оқушыларды әдеби кітаптарды оқуға насихаттау арқылы олардың кітап оқуға сүйіспеншілігін арттыру.
Осы орайда, сыныбымыздың оқушылары Қанат Аяжан әжесімен – «Бауырсақ» ертегісін, Шабарбек Айдай әжесімен - "Табиғат сыры" туралы, Ермек Сымбат әкесімен - "Атасы мен баласы" әңгімесін, Шайзада Алуа анасымен - «Ерекше ертегілер» кітабын, Тұрарбек Ақназар анасымен - «Бүркіттің балапаны» ертегісін, Сарсенбай Алибек анасымен - "Түлкі мен тырна" ертегісін, Дәулеткелді Абдулла Мухаммед әкесімен - "Әкемнің өсиеті" тақырыбында ақылы мен өсиетін тыңдаса, Асылбекова Айша  анасымен - «Тырна мен Түлкі» ертегісін, Асқар Әліби әпкесімен - «Тырна мен Түлкі» ертегісін, Даниял Фатима анасымен - «Жеміс ағаштары» әңгімесін қызыға оқып, талқылады. Осы үрдісті мектепте де үзіліс уақытында жалғастыруда. Алдағы келе жатқан көктемгі демалыстарында оқуға құштарлықтарын ары қарай жалғастырмақшы. Кітап оқуды ата мен әжесінен, әке мен анасынан  көрген оқушыларымыз болашақта кітапқа деген қызығушылықтарын тоқтатпайды деген сенімдеміз.
Сынып жетекшісі: Раймкулова Мадина Қанатбекқызы


https://web.whatsapp.com/
https://web.whatsapp.com/
https://web.whatsapp.com/