«Ұлттық киімді дәріптеу, ұлт болашағы» атты іс - шара
Республикалық Наурыз меркесіне арналған онкүндік шеңберінде 18 наурыз – «Ұлттық киім» күні № 205 жалпы білім беретін мектепте «Ұлттық киімді дәріптеу, ұлт болашағы» атты тақырыпта аталып өтілуде. Іс-шараның мақсаты — қазақтың ұлттық киім үлгілерін көпшілікке насихаттау арқылы қазақтың киім кию үлгісін заманауи жаңғырту. Шара барысында мектеп оқушылары мен ұстаздары ұлттық киімде аптаның алғашқы жаңа күнін Наурыз меркесін құттықтаудан бастады. Жалпы, қазақтың ұлттық киімдері өзге халықтарға ұксамайтын өзіндік ерекшеліктерімен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасқан. Қазақы киімнің барша сәнділігі оның ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі жатыр. Ерте замандардан бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қазақ қолөнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан ұлттық киімдеріміз жетерлік. Сондай-ақ, қазақ киімдері етек-жеңі мол, қарапайым, жұмысқа және жүріп — тұруға үйлесімді, дене сымбатын ашатын сәнді болып келген.
Сондықтан, дәстүрімізге сай, атадан-балаға мирас болып келе жатқан ұлттық киімдерді ұлықтау мақсатында өткелі отырған «Ұлттық киім» күнінің маңызы зор.

