Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
сәуір
2024

«Кітап-ғажайып әлем»

Мектеп кітапханасында  2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Кітап-ғажайып әлем» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларына кітапханаға экскурсия ұйымдастырылды. Сонымен қатар LED экраннан шет ел жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің ертегілері көрсетілді.
Мақсаты: Оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру.
 Халықаралық кеңестің шешімімен 1956 жылдан бастап дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туылған күніне орай 2-сәуір – балалар кітабы күні болып жарияланған. Андерсен балалар кітабын жазуға баға жетпес үлес қосты, ол әлемге өзінің туындыларын көптеген әдемі ертегілерін сыйлады.
 Шара барысында кітапханашы балаларға Халықаралық кітап күнінің тарихы, Г.Х.Андерсеннің өмірбаяны және оның керемет ертегілері туралы көптеген қызықты мағлұматтар берді.