04
сәуір
2024
«Қауіпсіз интернет»
Мектеп кітапханасында 4 сәуір – Халықаралық интернет күніне арналған «Қауіпсіз интернет» тақырыбында оқушылармен медиа-сағат өткізілді. Сонымен қатар LED экраннан ақпараттар беріліп, оқушылармен кері байланыс жасалынды.
Мақсаты: Оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны және пайдасы туралы түсінік беру.
Интернет бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір – бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі. Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол – бүкілғаламдық желі – Интернет. Интернет – тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер жинақталған. Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн.
