Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Халел Досмұхамедовтың туғанына 140 жыл
15
сәуір
2024

Халел Досмұхамедовтың туғанына 140 жыл

  2024 жылдың 15 сәуір күні кітапханада «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Халел Досмұхамедовтың туғанына 140 жыл толуына орай оқушыларға LED экраннан танымдық сабақтар көрсетіліп, Халел Досмұхамедовтың өмірбаянымен таныстырылды.
   Мақсаты: Оқушыларға Халел Досмұхамедовтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру.
Халел Досмұхамедов – қазақ педагогикасы мен оқу-ағарту ісінде ерекше із қалдырғандардың бірі. Отандық педагогиканың теориялық негіздерін анықтай отырып, Досмұхамедов бұл салаға көп еңбек сіңірді. Шығармаларының әлі зерттелмеуінің өзі бір кездері жол таңдап алған дербес саяси көзқарасының, бекіткен идеяларының арқасы. Досмұхамедов республиканың қоғамдық-саяси өміріне қатысатын зиялы қауымның ең белсенді бөлігінің өкілі болды және осы салада үлкен атақ пен танымалдыққа ие болды. Ұлттық психологияның өскелең ұрпақты қалыптастырудағы маңызын дәлелдей отырып, оқу-тәрбие жұмысын реформалау жөнінде бірқатар ұсыныстар жасады.