Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 18 сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні
18
сәуір
2024

18 сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні

Кітапханада 18 сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай LED экраннан танымдық сабақтар көрсетіліп, оқушыларға Қазақстанның мәдени ескерткіштерін таныстырып, олардың тарихы мен ерекшеліктерін түсіндірді.
 Мақсаты: Жас ұрпақты тарихи құндылықтарымызбен таныстыру, тарихи ескерткіштеріміз – мәдени мұраларымызды қастерлеп сақтауға, құрметтеуге шақыру.
Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні алғаш рет 1984 жылы атап өтілді. Оны 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрікті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі Кеңес ассамблеясы арнайы бекіткен болатын. Оның басты мақсаты – тарихи ескерткіштерді сақтау мәселесіне қоғамның назарын аудару. Бүгінгі таңда осы ұйымның қатарында әлемнің 175 мемлекеті бар. Ескерткіштер – ел тарихы немесе тарихи-мәдени мұра халық тарихының аса маңызды айғағы, адамзаттық өркениеттің құрамдас бөлігі ретінде барлық қауіп-қатерден тұрақты түрде қорғап отыруды талап етеді.