02
мамыр
2024
2024 жылдың 2 мамыр күні кітапханада «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Ілияс Жансүгіровтың туғанына 130 жыл толуына орай оқушыларға LED экраннан танымдық сабақтар көрсетіліп, Ілияс Жансүгіровтың өмірбаянымен таныстырылды.

Ілияс Жансүгіров – ақын, драмашы, прозашы, оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады. Ақынның терең идеялы, көркем мүсінді, эпикалық кең тынысты шығармаларының танымдық, тәрбиелік мәні зор. Олар қалың оқырманның ойына ой, сезіміне сезім қосады, қиялына қанат бітіреді, эстетикалық ләззат беріп, гуманистік адамгершілік идеяларды толғайды.
Ілияс Жансүгіров — қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген әмбебап дарын. Әсіресе ол өзінің аса қуатты суреткерлік талантын поэзия жанрында көрсетіп, күллі қазақ әдебиетінің мақтанышына айналған туындылар берді. @akmurzaevakarlygash @alatau_bilim_bolimi