16
мамыр
2024
Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл
2024 жылдың 16 мамыр күні кітапханада «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орай оқушыларға «Сәкен мұрасы мәңгілік» тақырыбында
LED экраннан танымдық сабақтар, бейнероликтер көрсетіліп, Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармалары таныстырылды.
Мақсаты: Оқушыларды Сәкен Сейфуллин өмірі мен шығармашылығымен, өлеңдерімен, кітаптарымен таныстыру. Оқушылардың ой қиялына ерік бере отырып өзінше ой түюге баулу, шығармашылыққа және мәнерлеп оқуға дағдыландыру. Жас ұрпақты қайырымдылыққа, жанашырлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сәкен Сейфуллин – қазақ әдебиеттану ғылымына өзіндік үлес қосқан ғалым. Сәкен Сейфуллин — бірталай поэма жазған ақын. Өмірдегі, басқа да көркем туындыларындағы сияқты ақын негізінең поэмаларында жаңа заман тақырыбың азаттық жолындағы күрес идеясын жырлады. Сонымен қатар Сәкен Сейфуллин халық аңыздарына сүйеніп, елдің батырлық, гуманистік дәстүрлерің адамдық ізгілікті, қазақ жерінің көркем табиғатын суреттейтін кең тынысты поэмалар жазды.
