13
мамыр
2024
2024 жылдың 13 мамыр күні кітапханада Қазақ халқының қаһарман ұлы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Есімі ел есінде» тақырыбында оқушыларға LED экраннан танымдық сабақтар көрсетіліп, Рақымжан Қошқарбаевтың Ұлы Отан соғысы кезіндег
2024 жылдың 13 мамыр күні кітапханада Қазақ халқының қаһарман ұлы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Есімі ел есінде» тақырыбында оқушыларға LED экраннан танымдық сабақтар көрсетіліп, Рақымжан Қошқарбаевтың Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерліктері мен өмір жолынан мәлімет берілді.
Мақсаты: Қазақ халқының қаһарман ұлы Рақымжан Қошқарбаевтың өмір жолынан мәлімет беру, ерліктерін насихаттау, оқушыларды шығармашылыққа, елін, жерін қорғай білуге ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Рақымжан Қошқарбаев тарихи ерлігін небәрі 21 жасында жасаған, Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен жалғыз қазақ. Рахымжан Қошқарбаев 1945 жылдың сәуір айында Берлин түбіндегі соғыстың ең сұрапыл шайқасына қатысады. Батальон командирі Рейхстагқа ту тігуге аттанатын алғашқы топты басқаруды Қошқарбаевқа жүктейді. Рақымжан Қошқарбаев Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. Тәуелсіздік алғаннан кейін, 1999 жылы мамырдың 7-сінде Н.Назарбаевтың Жарлығы бойынша Рақымжан Қошқарбаевқа “Халық Қаһарманы” атағы беріледі. @akmurzaevakarlygash @alatau_bilim_bolimi