«Ауғанның от жалыны» атты Ауған соғысы ардагерлері мен кездесу өтті.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында № 205 жалпы білім беретін мектепте Кеңес әскерлері Ауған жерінен шығарылғанына - 35 жыл толуына орай «Ауғанның от жалыны» атты Ауғансоғысы ардагерлері мен кездесу өтті.
Кездесу кештің мақсаты: Өскелең ұрпаққа ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу. Оқушыларға отанды қорғау жауапкершілігінің қаншалықты маңыздылығын жете түсіндіріп, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Бағыты : азаматтық, патриоттық, құқықтық тәрбие беру.
Кездесуге өмірінің өлшеулі бір бөлігін, жалындаған жастық шағының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан интернационалист-жауынгері Қалтаев Серік Құрманбайұлы келді.
Ауғанстандағы қызмет жылдары туралы өз естеліктерімен бөлісті, жерлестеріміздің өз міндеттерін қалай батыл орындағаны, әскери ант пен борышқа қалай адал болғандығы, соғыс жылдарында бірнеше рет көмектескен Ерлер достығы туралы айтып, балаларға, болашақ Отан қорғаушыларға лайықты Қазақстан Республикасының азаматы болуға шақырды. Жиында жастар Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу арқылы сұрапыл соғыс жайлы мағлұмат алып, бойларында патриоттық сезім ұялатып, өрелік қабілеттері кеңейгендей. «Қатысушылар сұрапыл соғыстың әкелген зардаптарына тоқталып, өздерінің азаматтық парыздарын жастарға ұғындыра білді. Естеріңізде болса Ауған соғысы 1979 жылдың 25 желтоқсанда басталып, 1989 жылдың 15 ақпанында аяқталды. Кеңес әскерінің ресми деректері бойынша бұл сұрапыл соғыста 15 мыңнан астам совет офицерлері мен солдаттары қаза тапты. 35 мыңнан астам адам жараланып, оның біразы мүгедек болып қалды. Осы соғыс әрекеттері КСРО ға 5 млрд. сом шығын әкелді. Ал осы соғыстың ел басына әкелген қайғы-қасіретінде шек жоқ», – дейді ардагерлер.
Ерліктің даңқын көрсете білген соғыс ардагерлеріне оқушылар тарапынан тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылып, өз пікірлерімен де бөлісті. Шара соңында Тәуелсіз еліміздің дамып-өркендеуіне, сондай-ақ Отанды қорғау, өз еліне деген шынайы сүйіспеншілік, патриоттық сезімнің ерекше үлгісін көрсете білген ардагерлерге мектебіміздің оқушылары ән шашуын жолдап, ерлік тақырыбында өлең шумақтарын оқып берді. Сонымен қатар сұрапыл соғыста ерен ерлік көрсеткен жаужүрек ағаларымызға сыйлықтар табыс етіліп, тағылымды жиынға қатысқан жастар ардагерлермен естелік суретке түсті.
Дайындаған: ДТІЖО Ж.Т. Жетенова

