05
маусым
2024
Мектеп жанындағы “Томирис” жазғы лагерь оқушыларына театр әртістері “Қуыршақ думан”- концерттік қойылымын қойды.
Мектебімізге 05.06.2024ж Мемлекеттік Қуыршақ театры келді. Мектеп жанындағы “Томирис” жазғы лагерь оқушыларына театр әртістері “Қуыршақ думан”- концерттік қойылымын қойды. Қуыршақ ұжымы Украина, Армения, Прибалтика елдерінің ұлттық билерін ұсынды және бишілер мың бұралып шығыс билерін биледі. Сондай-ақ, сахнада Роза Бағланова, Майкл Джексон, Фарух Закиров сынды жұлдыздар бой көрсетті. Тамаша қуыршақтарды Халықаралық театр фестивалінің жүлдегерлері, қуыршақ өнерінің майталман әртістері ойнады. Оқушыларымыз қойылымнан ерекше әсер алып, театр ұжымына алғыстарын айтты.



