Педагогикалық кеңес
Педагогикалық кеңес
03.11.2022 ж. №205 жалпы білім беретін мектепте Білім алушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыру мақсатында 2022-2023 оқу жылында І-тоқсан қорытыңдысы және ІІ-тоқсанға дайындық бойынша педагогикалық кеңес өтті.
Күн тәртібінде:
1. I тоқсан қорытындысы бойынша оқушылардың үлгерімі мен білім деңгейлерінің көрсеткіш мониторингісі. Н.Ж.Жұбанова
2. I тоқсан тәрбие жұмысының есебі. Ж.Т. Жетенова
3. 2019-2022 жж Біліктілік курсынан өткен ұстаздар тізімі. Ш.М.Сальмен
4. Күнделіктегі кітапхана қосымшасы таныстыру. Ш. Аутова
5. «Буллинг», кибер буллингтің алдын алу. Мектеп психологы А.Аукенова
Ағымдағы мәселелер қаралды.
Күн тәртібінде 5 сұрақ қарастырылды: Педагогикалық кеңестің бірінші мәселесі бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Жұбанова оқушы үлгерімі бойынша ақпараттармен бөлісті. Мектебіміздің оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы, мектепішілік олимпиада, 1,5,10 сынып оқушыларының бейімделу үрдісі, білім мониторингісі бойынша әр сынып сапа көрсеткіші бойынша талқыланды. Екінші сұрақ бойынша тәрбие ісінің орынбасары Ж.Т. Жетенова бірінші тоқсан бойынша тәрбие саласы бойынша атқарылған іс шаралары,үйірме, дебат жұмыстарының жүргізілуі, сынып сағаттары мен тәрбие сағаттарының жоспарлы өтілуі туралы сонымен қатар оқушылардың мектеп формалары сақталуы туралы айтып өтті. Педагогикалық кеңестің үшінші мәселесіне қатысты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.М. Сальмен 2019-2022 жж Біліктілік курсынан өткен ұстаздар туралы анықтама беріп өтті.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша мектебіміздің информатика пәні мұғалімі Ш.Аутова сөз алды. Күнделік kz. кітапханасы қосымшасы дұрыс қолдана алу арқылы оқушылар дер кезінде қажет және қызығушылығы артқан кітаптарын оңай алып оқи алатындығы, сонымен қатар ұстаздар да іздеген кітаптарын осы Күнделік kz. кітапханасы арқылы қол жеткізе алатындығы туралы айтып өтті.
Бесінші мәселе бойынша мектеп психологы А.Аукенова сөз алып кәзіргі қоғамда кеңінен тарап келе жатқан «Буллинг» сөзінің мағынасын ашып, жасөспірімдер мен адамдар арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу және осы мәселенің алдын алу бойынша тоқталып өтті. Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеуге қажет екенін айтты.
Ағымдағы мәселелер бойынша мектеп директоры Г.А.Даулетова сөз алып педагогикалық кеңесті қорытындылады.






